Ел үкіметінде басқа да кадрлық өзгерістер болды.
Ли Ман Су Мемлекеттік құрылысты қадағалау министрі, ал Ким Сон Бин Мемлекеттік ғылым және технологиялар комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
Еске сала кетсек, сәрсенбіден бастап Солтүстік Корея республиканы Оңтүстік Кореямен байланыстыратын барлық автомобильдер мен темір жолдарды толығымен жауып тастайды. Корей Халық армиясының Бас штабы мәлімдеме жасап, онда «9 қазаннан бастап Оңтүстік Кореямен байланыстыратын темір жолдар мен автомобиль жолдарын толығымен жауып тастайтынын» және «қорғаныс құрылымдарын нығайту үшін бекініс жұмыстарын жүргізетінін» хабарлады.
Бұған дейін Солтүстік Корея тағы да Оңтүстік Кореяға қоқыс толтырылған шарларды ұшырғанын жазған болатнбыз.
Солтүстік Корея 12 қыркүйек, бейсенбіге қараған түні Жапон теңізіне қарай қысқа қашықтықтағы бірнеше баллистикалық зымыранды ұшырды.