Солтүстік облыстарда аспан қызғылт-жасыл түске боялды
АСТАНА. KAZINFORM — Күн сәулесіндегі соңғы белсенділік Қазақстанның солтүстік ендіктерінде Солтүстік шұғыласының жаңа толқынын тудырды. Қостанай облысының тұрғындары түрлі фотосуреттерді бөлісті.
Фото: @ilovekostanay/Instagram
Фото: @ilovekostanay/Instagram
Аспанның ашық қызғылт, жасыл түске боялғанын әсіресе Сарыкөл, Қостанай, Лисаковск аудандарының тұрғындары байқады.
Фото: @ilovekostanay/Instagram
Айта кетейік, қостанайлықтар бұған дейін де ерекше құбылыстың куәсі болған еді. Өткен жылдың қараша айында да Қостанай аспанын қызыл-жасыл градиент жаулаған.
Тұрғындардың бірі әлеуметтік желіде таңданысын білдірсе, енді біреулер қорыққанын жазған еді.
Фото: @ilovekostanay/Instagram
Бұл құбылысты сонымен қатар Павлодар, Ақмола облыстары мен Астана маңында тұратындар да байқаған.
Фото: @ilovekostanay/Instagram
Бұған дейін ғалымдар Күннің қуатты жарқылын тіркеген еді.
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.