8–10 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болып, жаңбыр жауады. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр аралас қар жауады, шығысында көктайғақ болады. Тек республиканың батысы мен оңтүстігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман басады.
Елдің батысында түнде ауа температурасының негізгі фоны 5 16°С, күндіз 17 22°С-тан 22 27°С-қа дейін жоғарылайды.
Солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта түнде ауа температурасы 3 13°С-тан -1-6°С-қа дейін төмендейді, күндіз ауа температурасының негізгі фоны 10 17°С болады.
Шығыста түнде ауа температурасының негізгі фоны 0, 8°С, күндіз 10 15°С-тан 2 7°С-қа дейін төмендейді.
Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде ауа температурасының негізгі фоны 3 10°С, таулы аудандарда 2°С-қа дейін үсік күтіледі. Күндіз ауа температурасы 17 25°С, таулы аудандарда 12 17°С болады.