Солтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар еліміздің басым бөлігінде жаңбырлы ауа райын қалыптастырады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жекелеген аудандарда қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болуы мүмкін.
Еліміздің батысында Скандинавия антициклонының ықпалымен бұлт аз ауа райы орнайды. Антициклон шығыс бағытқа қарай жылжуына байланысты жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасады.
Ауа температурасының күндіз айтарлықтай төмендеуі күтіледі: батыста 16… 24 °C, солтүстікте 12… 20 °C, орталықта 17… 25 °C дейін. Ал шығыста ауа температурасы 23… 30 °C дейін жоғарылайды.
Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысы жылы ауа массасының ықпалында қалады. Бұл өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, күндіз ауа температурасы 30… 37 °C аралығында болады.
Айта кетелік бүгін еліміздің бес қаласында ауа сапасы нашарлайды.