Солтүстікте алдағы үш күн жаңбырлы болады

Фото: Pixabay

АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидромет синоптиктері 27-29 шілде аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады. 

Алдағы күндері Қазақстанның ауа райын оңтүстік циклон қалыптастырады.

Соның әсерінен өткінші жаңбыр жауады.

27 шілдеде — Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, 28 шілдеде — Абай, 29 шілдеде — Шығыс Қазақстан облыстарында кей уақытта қатты жауын-шашын жауады.

Қазақстан бойынша найзағай жарқылдайды.

Дауыл тұрып, жел күшейеді, бұршақ болжанып отыр. 

Ауа температурасы еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында түнде +8+13°С дейін, күндіз +15+25° дейін, шығыста күндіз +23+32°С-қа дейін біртіндеп төмендейді.

Қалған облыстарда күрт өзгерістер болмайды.