Алдағы күндері Қазақстанның ауа райын оңтүстік циклон қалыптастырады.
Соның әсерінен өткінші жаңбыр жауады.
27 шілдеде — Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, 28 шілдеде — Абай, 29 шілдеде — Шығыс Қазақстан облыстарында кей уақытта қатты жауын-шашын жауады.
Қазақстан бойынша найзағай жарқылдайды.
Дауыл тұрып, жел күшейеді, бұршақ болжанып отыр.
Ауа температурасы еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында түнде 8 13°С дейін, күндіз 15 25° дейін, шығыста күндіз 23 32°С-қа дейін біртіндеп төмендейді.
Қалған облыстарда күрт өзгерістер болмайды.