деп хабарлайды НТВ телекомпаниясы.
Кітаптың мәтіні төрт еседен астамға қысқартылып отыр, бірақ оның мазмұны барынша толық сақталды, деп хабарлады марқұмның жесірі. Ол жекелеген эпизодтардың жиынтығы түрінде емес, бірізді баяндалған оқиғалар желісі ретінде сақталды, дейді Наталья Солженицына.
Сталиндік қуғын-сүргіндер туралы көркемдік-тарихи шығарманы мектеп бағдарламасына қосу туралы бұйрыққа Ресейдің білім министрі Андрей Фурсенко былтыр қыркүйек айында қол қойған болатын. «ГУЛАГ архипелагын» 11-ші сынып оқушылары оқитын болады.
1973 жылы шетелде басылған "ГУЛАГ архипелагы" романы КСРО-да тек 1989 жылы ғана жарық көрді және бұған дейін орта мектепте роман тек бейіндік деңгейде оқытылып келді. Енді бұл шығарма орта білімнің мемлекеттік білім стандарттарының федералдық құрамына енгізілгеннен кейін, романның үзінділерін зерттеу ресейлік барлық жоғары сынып оқушылары үшін міндетті болып отыр.