Ел билігі ондаған адам қаза болғаны туралы хабарлауда, олардың арасында қоғамдық көліктер жолаушылары, көшеде кетіп бара жатқан адамдар бар.
Екінші жарылыс оқиға орнына құтқарушылар жеткен кезде орын алды. Алдын ала мәлімет бойынша, жарылғыш заттың екеуі де көлікке орнатылған.
Аталған теракт Сомали үкіметі «Аш-Шабаб» экстремистік тобының содырларына қарсы бағытталған ауқымды операция қадамын талқылаған күні болды. Болжам бойынша, екі жарылысты аталған ұйым ұйымдастырды.
Еске салсақ, бес жыл бұрын Сомали астанасының дәл осы жерінде жүк көлігінің жарылысынан 500 адам қаза болған еді. Ол жолғы лаңкестік актіні де «Аш-Шабаб» тобы жасады.