Куәгерлердің сөздері бойынша, екі жақ та артиллериялық зеңбіректерді қолданып жатыр. Могадишодағы қақтығысулар елдегі соңғы бірнеше ай ішіндегі ең ірісі болып отыр. Аль-Шабааб жасақтарына қарсы операцияға африкандық одақ әскерлері қатысуда.
19:31, 08 Желтоқсан 2011
Сомали астанасында ұрыстар жүріп жатыр
АСТАНА. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат. Сомали астанасы Могадишода уақытша үкімет әскерлері мен аль-Шабааб қозғалысының ислам жасақтары арасында қарулы қақтығысулар өтіп жатыр. Бұл туралы шетелдік ақпарат агенттіктері хабарлап отыр.