Сомали астанасында жарылыс болды, қаза тапқандар бар

ПРЕТОРИЯ. ТАСС-ҚазАқпарат - Могадишо қаласының орталығындағы мейрамханада кеше, сейсенбіде жанкешті-лаңкес бомба жарып жіберген. Бұл туралы ҚазАқпаратGarow порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Жарылыс салдарынан бірнеше адам қаза тапқан, жараланғандар бар. Мейрамхана халық көп жүретін Fagah тұрғын үй орамының дәл жанында орналасқан.