Al Jazeera телеарнасы жергілікті жедел жәрдем қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, қопарылыстан 250 адам зардап шеккен.
Ал оған дейінгі The Associated Press мәліметінше, қаза тапқандар 53, зардап шеккендер саны 60-тан асып жығылды.
Еске сала кетсек, 14 қазанда елдің астанасы орталығындағы Ходан ауданында қонақ үй жанында тұрған жүк көлігі қопарылған. Бұл - Сомалидегі соңғы жылдардағы ең құрбаны көп жарылыс. Шабуылды террорлық ұйымдардың ешқайсысы өз жауапкершілігіне алмады.