Шабуыл Сомали телеарнасының бір жылдығына арналған салтанатты шара барысында жасалды.
Кем дегенде 7 адам қаза болды, сонымен қатар жарақат алғандар көп, олардың арасында парламент депутаттары бар.
Шараға Сомали премьер-министрі Абдивели Мохаммед Али қатысқан болатын. Министрдің Би-Би-Си-ге хабарлағанындай, бомба оның сөз сөйлеу кезінде жарылған.
Премьердің сөзіне қарағанда, жарылысты жанкешті-әйел жасады. Оның пікірінше, бұның артында исламдық «Аль-Шабааб» ұйымы тұр.