Шекара жасағы Сомали азаматының бет пішіні суреттегі азаматқа ұқсамайтынын байқап, құжатты қатаң тексерістен өткізген. Нәтижесінде паспорт оған тиесілі емес екені анықталды.
Қосымша тексеріс жүргізіп, мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту себептерін анықтау кезінде Сомали азаматының еліміздегі оқу орындарының бірінде оқитын студент екені анықталды. Қазақстанға қазанда ұшып келген, қазақстандық визасының мерзімі өтіп кеткендіктен өзі секілді студент досының паспортын пайдаланбақ болған.
Сомали Республикасының азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Фото: pinterest.com/