16:54, 23 Ақпан 2009
Сомали қарақшылары грек кемесін басып алды
МӘСКЕУ. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат – Сомали жағалауында тағы бір сауда кемесі қарақшылардың қолына түсті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Бұл жолы қарақшылар Мальта жалауы астында Словенияға көмір тиеп бара жатқан гректің Saldanha кемесін олжалады. Грекияның сауда флоты министрлігі бұл оқиғаның растығын қуаттады. Кеменің бортында 22 экипаж мүшесі болған.
Қазіргі уақытта оны қайтарып алудың амалдары қолға алынуда.