БҰҰ мамандары бұл көрсеткіштер артуы мүмкін, өйткені таяудағы айларда жағдай ушыға түседі, деп атап өтті.
Бүгінгі таңда елде 6 «аштық аймағы» тіркелді. БҰҰ өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда, қазіргі кезде аштықтан өлгендердің 50 пайызы - балалар.
Сомалиге гуманитарлық көмек жеткізуде қиындық тудырып отырған жайт, ел үкіметі мен әлеуметтік қызмет орындары содырлардың бақылауындағы аймақтарда әрекет ете алмайды.
Шілденің басынан бері шығыс Африкада соңғы 60 жылда болып отырған күшті құрғақшылық басталды. БҰҰ мәліметтері бойынша, бұл аймақта 12 млн-ге жуық аддам азық-түлікке мұқтаж болып отыр, соның ішінде - Эфиопияда - 4,8 млн., Сомалиде - 3,7 млн. Кенияда - 2,9 млн. және Джибутиде - 164 мың адам аштықтың зардабын тартуда.