Сомалиде автобус жарылып, 18 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сомали астанасы Могадишо маңында жол бойындағы минадан микроавтобус жарылып, 18 адам қаза тапты, деп хабарлайды Рейтер агенттігі полицияға сілтеме жасай отырып.

Агенттіктің хабарлауынша, оқиға бейсенбі күні Лафоле қаласында болған.

«Микроавтобуста болған барлық 18 адам ажал құшты», деп мәлімдеді полиция өкілі.

РИА Новости атап өткендей, Сомалиде «Әл-Каида» халықаралық террористік ұйымымен тығыз байланысты "Аш-Шабаб" ("Жас моджахедтер қозғалысы") радикалды ислам тобы өркен жайып келеді. "Аш-Шабаб" Сомалидің орталық үкіметіне және БҰҰ гуманитарлық қызметіне қарсы қарулы күрес жүргізіп келеді. Бұл топ 2008 жылы АҚШ-та террористік ұйымдар тізіміне енген және мемлекет аумағында санкцияланған.