Олардың дерегінше, мерт болғандар тізімінде ресми тұлғалар да бар.
Сомалилік Garowe порталы бұл жанкешті лаңкестердің ісі деп хабарлады. Билік өкілдері жарылысқа «Аш-Шабаб» тобын айыптап отыр.
Махас қаласы Сомалидің орталық бөлігінде, Хиран облысында, Могадишодан солтүстікке қарай 300 шақырым жерде орналасқан.
«Аш-Шабаб» Сомалиде 2004 жылы пайда болды. Оның мүшелері 2008 жылдан бері жарылыс ұйымдастырып, күтпеген жерден шабуыл жасап келеді.
2010 жылы бұл топ елдің көп бөлігін бақылауда ұстады, бірақ 2011 жылдың жазында Могадишоны тастап, ел үкіметі мен олардың жақтастарына қарсы партизан күресіне көшуге мәжбүр болды.
2012 жылдың ақпанында «Аш-Шабаб» басшыларының бірі «Аль-Каида» (ҚР, РФ және басқа да бірқатар елде тыйым салынған) террористік ұйымына қосылғандарын мәлімдеді.
Деректер бойынша, «Аш-Шабаб» құрамында 10 мың әскер бар.
Фото: globallookpress.com