Жанкешті лаңкес жарылғыш зат орнатылған автомобильмен қонақ үйдің қақпасын бұзып кірген. Кейін қарулы экстремистер ғимараттың ішіне кіріп, адамдарға оқ жаудырған.
Полиция дерегі бойынша, лаңкестік шабуыл жасалған отель парламент мүшелері мен әскерилер жиі келетін орын болған.
Бұдан бұрын Ұлттық театр мен Сомали парламентінің бұрынғы ғимараты аумағында миналанған екі машинаның жарылғаны туралы хабарланған еді.