Белгілі болғандай, бастапқыда ғимарат қақпасының алдында автокөлік жарылған, содан кейін қаруланған топ сарайға басып кіру әрекетін жасады. Оқиға орнында жойқын екі жарылыс болған көрінеді. Бұл шабуылға «әл-Шабаб» тобы қатысты екен.
БҰҰ-ның Сомали бойынша арнайы өкілі Ник Кейдің сөзіне қарағанда, аталған шабуылға полиция тойтарыс беріп, Сомали Президенті зардап шекпеген.