Сомалиде үкімет ғимаратының жанында көлік жарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сомалиде Пунтленд автономиялық ауданының Галькао қаласында үкіметтік ғимараттардың бірінің маңында жанкешті-лаңкес көлікті жарып жіберді.

Бұл туралы полицияға сілтеме жасап, Reuters хабарлады.

Жергілікті тұрғындар екі қуатты жарылыс пен атысты естігендерін айтқан. «Бастапқыда жүк көлігі жарылды, сосын бір минуттан кейін тағы бір көлік жарылды», - деді куәгерлердің бірі.

Құрбандар мен зардап шеккендер жайлы ақпарат әзірге жоқ.