Сомалиде жанкешті өзін-өзі жарып жіберді
09:16, 02 Тамыз 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жарылыс Сомали аумағында болды, деп хабарлайды БЕЛТА.
Лаңкестік оқиғадан 17 адам зардап шекті. Жанкешті-лаңкес мейрамханалардың біріне кіріп, көпшілік арасында өзін-өзі жарған. Құтқарушылар мен арнайы бөлімшелер оқиға орнына дереу жетті.
Лаңкестік әрекеттің артында Сомали аумағындағы қарапайым азаматтарға жиі шабуыл ұйымдастыратын «Аш-Шабаб» тобының содырлары тұруы әбден мүмкін.