Агенттіктің мәліметінше, Могадишоның басты трассаларының бойындағы бақылау-өткізу пунктінің жанында жарылғыш зат толтырылған автокөлік жарылған. Агенттік атап өткендей, жарылыс алдында полиция көлікке оқ жаудырған.
Өз кезегінде Garowe порталы автокөлік Сомали президентінің резиденциясы мен парламент ғимаратының жанында жарылғанын айтады. Әзірге болған оқиға үшін жауапкершілікті ешкім мойнына алған жоқ.
Фото: REUTERS/Feisal Omar