АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі күні Сомали астанасы Могадишода болған жарылыстан кем дегенде 276 адам ажал құшып, 300-дей тұрғын жапа шекті, деп хабарлайды ТАСС.
Бұған дейін 53 адамның қаза тауып, 60-ы жараланғаны туралы хабар тараған еді.
Елдің федералды билігінің ақпарат министрі Абдирахман Омар Османның айтуынша, ел астанасындағы Ходан ауданында жүк көлігіне толтырылған жарылғыш зат қонақ үй ғимараты жанында іске қосылған.
Ешбір лаңкестің ұйым бұны мойнына алған жоқ. Бірақ ел билігі бұл қастандықты жасады деп "Аш- Шабаб" лаңкестерін айыптап отыр.
Ербол Жанат
ЕҰУ-да журналистика мамандығы бойынша бакалавриатты және магистратураны тәмамдаған. Стамбул мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында, "Астана ақшамы" газетінде тілші болған. 2014 жылдан бері Kazinform ХАА-да шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.