Сомалидегі жарылыстан үш министр мерт болды

None
АСТАНА. Желтоқсанның 3-і. ҚазАқпарат - Могадишодағы жарылыстан Сомалидің өтпелі үкіметінің үш министрі мерт болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.

Жарылыс Могадишодағы қонақүйлердің бірінде өткен университет түлектеріне дипломдар тапсыру салтанаты кезінде болды. Опат болғандардың ішінде - салтанатқа қатысқан білім министрі, жоғары білім беру министрі және денсаулық сақтау министрі бар.