«Ноутбук рентген машинамен тексеру кезінде жарылды, тексеру қызметі бұдан басқа тағы да екі жарылғышты зарарсыздандырды. Оның бірі принтрге жасырылған. Оқиғадан алты адам жарақат алды, оның екеуі полицей», - деді полиция өкілі Әби Дху Әбди.
Жүкті тексеруді Африка одағының бейбітшілік күштері, сондай-ақ Сомалидің қауіпсіздік күштері жүргізген.
Еске сала кетсек, ақпанда «Аш-Шабаб» лаңкестер ұйымы елдің астанасы Могадишоға апатты жағдайда қонған жолаушылар ұшағындағы жарылысты ұйымдастырдық деп мәлімдеген болатын.
Құқық қорғаушылар сол жолы да ноутбук жарылды деген болжам жасап отыр.