«Мартин мықты боксшы. Мен егер осындай мықты спортшылармен бокстаспағанда, онда Головкин, «Канело» қатарларында тұрмас едім. Менің Мюррейге қарағанда шоқтығым биік екендігіне сенемін. Тек соны көрсету керек», - деді Сондерс.
Сондерс - Мюррей айқасы 23 маусымда Лондонда өтеді.
Айта кетелік, Сондерс - орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы. Орта салмақ дивизионының абсолюттік чемпионы болу үшін Головкинге жетпей тұрған да - осы WBO белдігі.