Сондерс әр боксшының сәтсіз кеші болатындығына сенімді. Ол өзінің өткен жылдың желтоқсанында болған Артур Акавовпен айқасынан мысал келтіреді.
«Мен әлем чемпионы болғалы бері, ерте ме, кеш пе әйтеуір бір қауіппен - Головкинмен бетпе бет келетіндігімді әрқашанда сезіп жүрдім.
Рингте қалай және не істеу керектігін ойланбаған күнім болған жоқ. Айттым және айта беремін, оны жеңуге болады»,-деп мәлім етті Сондерс IFL TV сұхбатында.