Сондерс Головкинге ықтимал реваншы алдында кеңес берді

АСТАНА. ҚазАқпарат ­- Орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы британдық боксшы Билли Джо Сондерс Головкинге кеңес берді. Ол Головкиннің «Канеломен» болуы ықтимал реванш кезінде ескеруі тиіс әрекеттерді атады, деп хабарлйды Sports.kz.

«Канело» өз ісін жақсы біледі. Бірақ Головкин қарсыласын бірінші раундтан тарпа бас салып, басқа кезеңдерде жеңіліп қалудан қорықпай қимылдауы керек... Сондықтан егер Головкин Golden Boy шоуында «Канелоны» ұтпақ болса, тәуекелге баруына тура келеді. «Канело» «Golden Boyдың» негізгі көзірі», - дейді Сондерс Fighthype-ке берген сұхбатында.

 «Канело» - GGG реваншы 2018 жылғы 5 мамырында өтуі мүмкін, бірақ тараптар нақты келісімге келген жоқ.