АСТАНА. ҚазАқпарат - WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Билли Джо Сондерс өзінің келесі жекпе-жегін 16 қыркүйек күні өткізеді, деп хабарлайды Sports.kz.
Boxingscene.com таратқан мәліметке қарағанда, айқас Лондонда өтеді. Британдықтың қарсыласы әзірге анықталған жоқ, алайда ол канадалық Давид Лемье болуы әбден мүмкін.
Айта кетейік, дәл осы күні Лас-Вегаста Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің жекпе-жегі өтеді. Бұғанға дейін Сондерстің аталған кештің андеркардына шығуы мүмкін екендігі хабарланған болатын.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.