Сондерс Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға дайын екенін, алайда өзі қойған талаптарға келіссе шаршы алаңға шығатынын мәлімдеді.
Сондерс IFL.tv тілшісіне берген сұхбатында «Мен Головкинді өз ауласында жеңе алам ба, жоқ па бағамдап көруім керек. Егер олар 5-6 аптадан кейін жекпе-жек ұйымдастырғысы келсе, келісім бермеймін. Көбі менің нокаутқа құлағанымды күтеді. Менің қаншалықты мықты екенімді көрейік. Қазір мен жаттығу жасап жүрмін. Келісімшарт осы аптаның соңына дейін жасалмаса, өз жолыммен кетемін. Бизнестің аты бизнес. Осы датада менімен жолыққысы келсе, онда бірге ұйымдастырайық. Осыған дейін олардың ұсыныстары ақылға қонбайтын. Сондықтан да, келісім бермедім. Қазір ұсыныс ойдағыдай. Мен тағы бір ай күткім келмейді. Олай болмаса, басқа жолмен кетемін. Ешқандай бой қыздыру жекпе-жек болмайды. Осы бокс кешін ұйымдастырайық», - деп атап өтті.