Сондерс Головкинмен Уэмблиде сайысқа түскісі келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы 26 жастағы орта салмақтағы британдық Билли Джо Сондерс өз атағын алғаш рет қорғау үшін Лондонда (Англия, Ұлыбритания) ұрысын өткізеді.

Оның қарсыласы 31 жастағы украиндық Максим Бурсак. Сондерстің айтуынша, бұдан кейін ол орта салмақтағы үздік қазақстандық Геннадий Головкинмен кездескісі келеді.

«Мен әлем чемпионы болдым, менің өзіме сенімім артты. Жеңілментін жауынгерлер жоқ, оны мысалға Тайсон Фьюри дәлелдеді. Егер мен Геннадий Головкинмен Уэмблиде сайысқа түссем, үздіктерді де жеңе алатынымды әлемге көрсетер едім», - деген Сондерстің сөзін келтіреді allboxing.ru.