Сондерс Головкиннің намысына тиюдің жаңа жолын тапты
04:20, 04 Сәуір 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық боксшы Билли Джо Сондерс (24-0, 12 КО) қазақстандық Геннадий Головкинді арандатуын жалғастыруда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Британдық боксшы бұл жолы «GGG - қорқақ Борат. Сондерспен бірлестіруші айқас жаса!» деген жазуы бар фотболка киіп, суретке түскен.
«Кездейсоқ жігіттен - керемет сыйлық», - деп жазды суреттің астына Сондерс.
Еске сала кетейік, боксшылардың промоутерлері Том Леффлер мен Фрэнк Уоррен айқасты ұйымдастыру туралы келіссөздер жасасуда. Келісімшартқа осы аптада қол қойылуы мүмкін.