Айқас төрешілердің бірауызды шешімімен Сондерстің жеңісімен аяқталды. Бұл туралы Sports.kz хабарлады. Осылайша, британдық боксшы профи-рингтегі 25-інші жеңісіне қол жеткізді, ал Монро үшін бұл - үшінші жеңілісі.
Жекпе-жегінен кейін Сондерс: «Ендігіде, GGG - «Канело» айқасының жеңімпазымен кездескім келеді», - деп мәлім етті.
Еске салайық, бүгін Лас-Вегас қаласында Головкин-Альварес жекпе-жегі өтеді. Билли Джо Сондерс жеңімпаз боксшымен биыл немесе келер жылдың басында кездесуі мүмкін.