Арумның атап өтуінше, олар Сондерске ұсыныс жасаған, бірақ Билли Джо қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0, 33 КО) кездесуден анағұрлым тиімді шарттар болатынына үміттеніп, оған жауап қатпаған.
«Біз оған (Сондерске) Жапонияға келгені үшін 2 млн доллар ұсындық. Бірақ ол ұсынысымыздан бас тартып, Қазақстанға сапарынан 4 млн аламын деп ойлады», - деді Арум.
Еске салайық, Головкин-Сондерс айқасы Астанада маусым айында өтуі мүмкін еді. Бірақ қазақстандық боксшының жарақатына байланысты оның командасы аталмыш кездесуден бас тартып, ағымдағы жылдың қыркүйегінде мексикалық Сауль Альвареспен (49-1-1, 34 КО) өтетін жекпе-жекке жіті дайындалуды жөн көрді.