«Тыңдаңыздар, қазір мен толығымен Давид Лемьемен айқасқа дайындалып жатырмын. Менің «Б» немесе «С» жоспарым жоқ... Менің жоспарым - осы айқастан өтіп, Головкинмен немесе «Канеломен» кездесу», - деді Сондерс Box Nation-ге берген сұхбатында.
Сондерс-Лемье айқасы 17 желтоқсан күні Канаданың Лавала қаласында өтеді. Сондерс WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионының белдігі үшін таласады. Бұл, дивизиондағы абсолютті чепион атану үшін Головкинге жетіспейтін жалғыз белдік.