Соңғы 24 сағат ішінде Газада 28 палестиналық көз жұмды

АСТАНА. KAZINFORM – Израильдің Газа секторына жасаған шабуылынан соңғы 24 сағатта 28 адам қаза тауып, 85 адам жараланды, деп жазады Анадолы.

Фото: Анадолы

Газа Денсаулық сақтау министрлігі Израиль аймаққа 355 күннен бері тоқтаусыз шабуыл жасап жатыр. 

Газа секторындағы шабуылдар 2023 жылдың 7 қазанында басталғаннан бері қаза тапқандардың жалпы саны 41 495-ке, жараланғандар саны 96 006-ға жетті.

Қаза тапқандардың мәйіттері әлі де қираған ғимараттардың қирандылары мен жол жиектерінде жатыр. Жедел жәрдем бригадалары мен азаматтық қорғаныс қызметкерлері Израиль күштерінің кедергілерінен оларға жете алмай отыр, деп қосты Газа секторындағы Денсаулық сақтау министрлігі.

Айта кетейік, Біріккен Араб Әмірліктері Газа секторының 100-ге жуық жаралы және ауыр науқасқа шалдыққан тұрғынын және олардың 155 отбасы мүшесін өз аумағына көшірді.