Олардың штатында 25 мыңнан астам адам бар, кітап қоры 328 миллион данадан асты.
«Кітап қорын жаңарту бойынша да бірқатар шаралар қабылдануда. Соңғы 5 жылда, мемлекеттік тапсырыс аясында, 4,5 миллион кітап шығарылды.
Шетелдік бестселлерлерді қазақ тіліне аудару — маңызды аспект болып табылады. Оқырмандардың сұранысына сай кітаптар шығару үшін арнайы әлеуметтік сауалнамалар жүргізу жоспарлануда», — деп жазды ведомстводан.
2023 жылы отандық авторлардың 24 кітабы таныстырылды.