Соңғы үш жылдың ішінде елімізде 57 миллион шаршы метр тұрғын үй салынды – Президент

АСТАНА. KAZINFORM – Тұрғын үй құрылысы да тұрақты әрі қарқынды дамып келеді. Бұл туралы Президент мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында айтты. 

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

— Соңғы үш жылдың ішінде елімізде 57 миллион шаршы метр тұрғын үй салынды. Басқа іргелес елдермен салыстырсақ, бұл, расында, жан басына шаққанда ең жоғары құрылыс ауқымы. Қаладағы 520 мыңнан астам, ал ауылдағы 70 мыңға жуық отбасы баспаналы болды, — деді ол.

Президенттің айтуынша әлеуметтік инфрақұрылым да дамып жатыр. 

— Соңғы жылдары мыңдаған заманауи мектеп және медицина, мәдениет, спорт нысандары салынып, күрделі жөндеуден өтті.

Шын мәнінде, қазіргі таңда еліміз үлкен бір құрылыс алаңына айналды деуге болады. Қай жаққа қарасаңыз да құрылыс, жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Мұны аймақтарға жиі баратын, елімізді жиі аралайтын азаматтар көріп, біліп жүр, — деді Президент.

Айта кетелік Көкшетау, Семей және Өскеменде жаңа жылу электр орталықтары салынады