– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2018 – 2025 жылдар
кезеңінде 72 125 орындық 281 жатақхана салынды (реконструкцияланды) және пайдалануға берілді, оның ішінде ЖОО студенттері үшін – 51 323 орындық 182 жатақхана, колледж студенттері үшін – 20 802 орындық 99 жатақхана. Жұмыс мемлекеттік және жеке қаржыландыру көздерін, мемлекеттік жекешелік әріптестікті тарту арқылы, оның ішінде мемлекеттік тапсырысты орналастыру тетігін іске асыру арқылы жүргізіледі, – делінген жауапта.
Үкімет басшысының мәлімдеуінше, 2018 жылы жатақхана тапшылығы 61,4 мың орын болған. Ал жоғарыда аталған жұмыстардың арқасында бұл көрсеткіш 83,6 %-ға қысқарды.
– Нәтижесінде Орындардың болжамды тапшылығын анықтау бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес 2026 жылдың басында орын тапшылығы 10,1 мың орынды құрады (жоғары оқу орындарында 5 176 орын және колледждерде 4,9 мың орын). Бұл ретте Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасын пысықтау барысында 33 мың орын тапшылығы бойынша деректер расталған жоқ, – деп мәлімдеді Олжас Бектенов.
Айта кетейік, бұған дейін Атырауда 800 орындық жатақхананың жобалау жұмысы неге ұзаққа созылғанын жазғанбыз.