Оның айтуынша, қазіргі таңда пластиктің 300-400 түрі бар.
«Соңғы 10 жылда әлемде 50 жылдағыдан да көп пластик өндірілген. Алдағы жылдарда оның саны арта бермек. «Дүниежүзілік тазалық күні» акциясының мақсаты - пластиктерді адамдар тұратын жерлерден тазарту. Біз осы шарадан кейін жағдайдың өзгеретініне үміттенеміз», - деді Эммет.
Сондай-ақ, ол Жаңа Зеландияда 15 қыркүйек күні барлық тұрғындардың көшеге шығып, елді тазартатынын айтты. Осылайша, акция барысында әр ел бір тәулік ішінде өз аумағын тазартып, қоқыстан арылтады.