Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысының жастар саясаты мәселелері бойынша берген тапсырмаларын іске асыру тұрғысында болған Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті. «Соңғы 10 жылда арнаулы орта білім бар қазақстандықтардың саны 40 пайызға, жоғары білімі барлар 3 еседен артық өсті. Саны жағынан, бұл әлемдік үрдіске сай келеді. Жоғары білім бойынша бұл көрсеткіш тіпті асып түседі», - деп атап өтті министр. Оның пайымдауынша, қазіргі уақытта ең басты мәселе - білімнің сапасы, және оған деген сұраныстың болуы. «Елбасының осы тапсырмаларын орындау үшін кәсіптік білім жүйесі жұмыс берушілер мен еңбек нарығы талаптарына сай келуі қажет. Техникалық және кәсіптік білім жүйесінде соңғы 2-3 жыл ішінде осы бағыт бойынша жақсы нәтижеелерге қол жеткізілді. Оған бөлінген қаржы 3 есеге өсті», - деп түйді Б. Жұмағұлов.
10:01, 20 Қараша 2012
Соңғы 10 жыл ішінде жоғары білімді қазақстандықтардықтардың саны 3 еседен астам өсті
АСТАНА. 20 қараша. ҚазАқпарат - Соңғы 10 жылда жоғары білімді қазақстандықтардықтардың саны 3 еседен астам өсті.