Президенттің айтуынша, соңғы 10 жылда Алматыға өзге елден келушілердің саны үш есеге артқан, ал, 2019 жылы бұл көрсеткіш 435 мыңға жеткен. Ішкі туризм бойынша да оң өзгерістер бар.
Сондай-ақ Президент Алматы Mercer компаниясы өткізетін беделді рейтингке қосылған бірден-бір қала екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы аталған бағыттағы бірқатар проблеманы, оның ішінде, қызмет көрсету саласындағы олқылықтар жайында айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімдеріне агломерация аясында туризмді дамытудың бірлескен бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.