«Тәуелсіздік жылдарында 1400 мектеп, 1300 денсаулық сақтау нысаны салынып, әлеуметтік салаға кететін шығын 6 пайыздан 10 пайызға көбейді. Бәлкім, бұл мәлімет сіздер үшін маңызды емес шығар, бірақ мен бұны кеңес заманында денсаулық сақтау мен білім беру саласы мұндай нәтиже көрсете алмаған соң, айтып тұрмын», - деді Елбасы.
«Соңғы 10 жылда қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі 64 жастан 73 жасқа дейін ұлғайды. Бұл - тәуелсіздік жылдарындағы біздің жұмысымыздың басты нәтижесі», - деді Президент.