«Соңғы үш жылда «Болашақ» бағдарламасын бітірген мемлекеттік қызметшілер санының 39 пайызға артқаны қуантады. Жаңа заңға сәйкес жыл басынан бері мемлекеттік қызметке қабылдау тек қана байқау негізінде ең төменгі лауазымнан басталды», - деді ол.
Министрдің айтуынша, осы кезден бастап кандидаттың мансап жолында өсуі оның іскерлігі мен кәсібилігіне байланысты орын алады.
«Іріктеудің үш сатылы жүйесі енгізілді. Бастапқы екі саты Мемлекеттік қызмет істері министрлігі жүйесінде жүзеге асырылады. Олар: заңнаманы білуіне тестен өту, жеке қасиетін бағалау. Үшінші сатыда сұхбаттасу жүргізіледі. Оны кандидаттар мемлекеттік қызметке кірісетін мемлекеттік органда өткізеді», - деді Т.Донақов.