«Соттармен қаралатын істердің мазмұны - біздің қоғамның әлеуметтік хал-ахуалының индикаторы болып табылады. Сонымен қатар, соттармен қаралатын істер санының өсуі қоғамдағы құқықтық дау-дамайларды шешудің тиімді тәсілі ретінде соттардың орныққандығын да көрсетеді. Сонымен бір мезгілде, сот арқылы қорғануға қатысты азаматтардың конституциялық құқықтарын жүзеге асыру динамикасы ұлттық құқықтың сапалы дамып келе жатқанын және біздің азаматтарымыздың заңнамалық білімінің артқандығын айқындайды. Алайда, азаматтар тарапынан өтініштердің мұндай күрт өсуінің теріс жақтары да бар. Бұл - соттарға түсетін жүктеменің өсуі», - деді ҚР Жоғарғы сотының төрағасы. Оның айтуынша, судьялардың 5-съезінен кейінгі соңғы 4 жылда бір судьяға келетін орташа ауыртпашылық айына 38-ден 56 іске артты. Ал мамандандырылған соттар мен облыстық соттардағы жүктеме 90-нан 130 іске дейін өскен.
«Мұндай ауқымды ауыртпашылыққа қарамастан соттар өздеріне жүктелген міндеттерді толық атқарып келеді. Алайда, сот қызметінің мұндай күрделі тұстары қоғам тарапынан елеусіз де қалып жатыр. Дегенмен олардың шынайы еңбегі бүгінгі басқосуға қатысып отырған судьялардың әрқайсысына да белгілі», - дейді Қ. Мәми.