Соңғы 5 жылда Қазақстанда өндірістік жарақат алу 22 пайызға төмендеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 жыл ішінде Қазақстанда өндірістік жарақат 22%-ға төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

«Еңбекті қорғау саласында жүргізілген кешенді шаралардың арқасында өндірістік жарақат алу бойынша жағымды динамика сақталып отыр. Соңғы 5 жыл ішінде жарақаттану 22 пайызға төмендеді. 2018 жылы жазатайым оқиғалар салдарынан 1 568 адам зардап шекті, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 6,6 пайызға төмен. 220 адам қайтыс болды, бұл 2017 жылдың көрсеткішінен 9,8 % төмен» делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, осы бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.