Соңғы 5 жылда қазақстандықтар 33 млн рет «жедел жәрдем» шақырған

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2011-2015 жылдар аралығында Қазақстанның жедел медициналық жәрдем қызметі 33 миллион 615 мың 411 шақыртуға шықты, деп хабарлады ҚазАқпаратқа ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметінен.

Аймақтар бойынша алғанда, шақыртулардың ең көп саны Оңтүстік Қазақстан (4 миллион 619 мың қоңырау), Алматы (4 миллион 49 мың) және Шығыс Қазақстан (3 миллион 454 мың) облыстарында сондай-ақ, Алматы қаласында (3 миллион 452 мың) тіркелген. Жедел жәрдем қызметіне ең сирек хабарласқандар Атырау облысының тұрғындары болып шықты - 5 жылда 858 мың қоңырау.

Соңғы 10 жылда Қазақстанда жедел медициналық жәрдем қызметіне деген қажеттілік ұлғайып келеді: 2005 жылы 4,6 миллион шақырту болса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 7 миллионнан асып жығылды.

Бүгінде жедел медициналық жәрдем қызметінде 20 мыңнан астам адам еңбек етеді. Республика бойынша 24 дербес стансы және 62 қосалқы стансы жұмыс істейді, тәулігіне 1300 бригада мен автокөлік жұмылдырылады.