Сонымен қатар аталған мәліметтің ішіндегі жәбірленушілердің біршама бөлігі ел аумағынан тыс жерлерде анықталып, Отанына қайтару үшін ұйымға тапсырылды. Осы орайда Ә. Аликова жәбірленушілердің 90 пайызға жуығы республика аумағында қалатынын жекізді.
«Осы көрсеткіште адам саудасынан ел ішінде зардап шеккен Қазақстан азаматтарымен қатар, елімізге келіп, кейіннен осында құлдықта түсіп қалатын көршілес республикалардың азаматтары да қамтылған»,-деді үйлестіруші.
Аталған ұйымның мәліметінше, Қазақстан аумағында Орталық Азия азаматтарынан басқа соңғы кезде Ресей және Қытай азаматтары да пайдаланылады. Осындай алғашқы оқиға былтыр Көкшетауда тіркелген екен. Көбінесе олар қара жұмысқа салынатын көрінеді.
Ал Қазақстаннан өзге елдерге адам саудасы құрсауына түскен қалған 10 пайызға жуық жәбір көруші көбінесе Түркия, БАӘ, Израиль, Таиланд, Германия, Қытай, Өзбекстан, Грекия және Ливан мемлекеттеріне тиесілі.
«Соңғы кезде біз Қазақстан азаматтары сексуалдық немесе жұмысқа салу арқылы пайдалану үшін шетелге шығарылмай жүргенін байқап отырмыз. Қазақстан азаматтарын ел ішінде пайдаланады»,-деп түйіндеді ол.