2005-2015 жылдар аралығындағы өндірістік жарақаттан қайтыс болған қазақстандықтардың саны 2008 жылғы 404 адамнан 2015 жылы 251 адамға, яғни 38,1 %-ға азайды.
Мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілердің еңбекті қорғау мен оның қауіпсіздігі саласында атқарған іс-шаралары нәтижесінде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізілді.
Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап еліміздің өндіріс орындарында еңбекті қорғау мен оның қауіпсіздігін басқарудың заманауи жүйесін құруға бағытталған жаңа Еңбек кодексі әзірленіп, күшіне енді. Еңбек кодексінде қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуде бірігіп іс-шаралар атқару үшін жұмыс беруші мен жұмысшы тараптары өкілдерін біріктіруге негізделген өндірістік кеңес құру көзделген.