Иран мен Франция арасындағы тікелей рейстердің ұшуы 2008 жылы Тегеранның ядролық бағдарламасы салдарынан енгізілген санкцияларға байланысты доғарылды.
Сегіз жылдан кейін Тегеранға бірінші рейспен Францияның көлік министрі Ален Видали мен 15 француз бизнесмені аттанды.
Әуе рейстерін қалыпқа келтіру бұрын Францияда дау тудырды. Өйткені Air France борт серіктерін Иранда жергілікті заңдарға сәйкес шашы мен басын жабуға шақырған.
Нәтижесінде авиакомпания орамал таққысы келмейтін стюардессаларға Иранға баратын рейстерден бас тартуға рұқсат берді.
14 шілдеде Венада Иран және "алтылық" (БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің бес тұрақты мүшесі - АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Қытай және Ресей - және Германия) елдері Иран ядролық бағдарламасы бойынша келісімге қол жеткізді. Сөйтіп, Тегеранға қарсы санкциялар алынды. Тегеран өз меншігіндегі ядролық отынның 98% бас тартуға келісті.